«7-20-25» бағдарламасы бойынша 2,2 млрд теңге көлемінде заем берілді

16
Фото: frame.az

Алматы. 9 тамыз. 7kun.kz – «7-20-25» бағдарламасы бойынша 1 айда 2,2 млрд теңге көлемінде заем берілді. Бұл туралы президенттің бес әлеуметтік бастамасының орындалуын бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы, сенатор Бақытжан Жұмағұлов мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінде 7 банкпен келісім жасалып, екінші деңгейлі банктер республика бойынша 640 өтінішті мақұлдап үлгерген. Алайда, Павлодар облысында 28 мың адам баспанаға зәру болып отырғанымен, әлі ешкім өтініш тастамаған. Мұның басты себебі осы бағдарлама туралы дұрыс түсіндіру жұмыстары жүргізілмегендігі.

Өйткені ол: жергілікті тұрғындардан сұрағанда «Біз ондай бағдарлама туралы білмейміз» деген жауап алыпты.