«7-20-25» бағдарламасы бойынша 5 446 өтініш мақұлданды

бағдарламасы
Фото: ntnews.com.au

Алматы. 20 ақпан. 7kun.kz – ҚР Ұлттық банкі «7-20-25» бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпаратты ұсынды.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 20 ақпандағы жағдай бойынша қарыз алуға 106,3 млрд теңге сомасына 9 302 өтініш қабылданды. Оның ішінде 63,9 млрд теңге сомасына қарыз беруге 5 446 өтініш мақұлданды.

Айта кетейік, «7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, «Баспана» ипотекалық ұйымына + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуыңызға болады. Сонымен қатар, ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында   www.baspana72025.kz сілтемесі бойынша қосымша ақпаратпен таныса аласыз.