«7-20-25» бағдарламасы шеңберінде қарыз беруге 1190 өтініш мақұлданды

«7-20-25»
Фото: rialight.kz

Алматы. 29 тамыз. 7kun.kz – ҚР Ұлттық банкі еліміздегі «7-20-25» бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпаратты ұсынды.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2018 жылғы 29 тамыздағы жағдай бойынша қарыз алуға 21,3 млрд теңге сомасына 1803 өтініш қабылданды. Оның ішінде 14 млрд теңге сомасына қарыз беруге 1 190  өтініш мақұлданды.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, «Баспана» ипотекалық ұйымына + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуларыңызды сұраймыз. Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында www.baspana72025.kz сілтемесі бойынша қосымша ақпаратпен таныса аласыз.