«7-20-25» бағдарламасы шеңберінде 2052 өтініш мақұлданды

«7-20-25»
Фото: pinterest.com

Алматы. 1 қазан. 7kun.kz – ҚР Ұлттық банкі «7-20-25» бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпаратты жариялады.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2018 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша қарыз алуға 36,6 млрд теңге сомасына  3 089 өтініш қабылданды. Оның ішінде 24,5 млрд теңге сомасына қарыз беруге 2 052 өтініш мақұлданды.

Айта кетейік, «7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, «Баспана» ипотекалық ұйымына + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуларыңызға болады. Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында www.baspana72025.kz сілтемесі бойынша қосымша ақпаратпен таныса аласыз.