Новачук Олег Николаевич

Олег Новачук KAZ Minerals директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды 
Көрнек сурет Kapital.kz сайтынан алынды.

Олег Новачук 1971 жылы Алматы қаласында дүниеге келді. 1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 2001 жылдан бастап 3 жыл аралығында «Қазпромбанк» АҚ (қазіргі «АТФ Банк» АҚ) төрағасының орынбасары, кейіннен төраға қызметін атқарды. Ал 2005 жылдың 23 қыркүйегінен 2007 жылдың 15 наурызына дейін қаржылық директор жұмысын жалғастырды. Оған қоса Kazakhmys PLC қаржылық жобаларының вице-президенті және «Қазақмыс» ЖШС басшысының қаржы саласындағы кеңесшісі қызметін атқарды. 2007 жылдың 15 наурызынан «KAZAKHMYS PLC» компаниясының бас директоры қызметін атқарды. 2014 жылы топтың қайта ұйымдастыруы аяқталғаннан соң, қоғамдық компанияны басқаруды жалғастырды. Кәсіпорын атауы KAZ Minerals деп өзгертілді. Бүгінгі таңда KAZ Minerals PLC Басқарма төрағасы, «Қазақмыс» компаниясының екінші ірі акционері. KAZ Minerals PLC акциясының 7,8 % үлесі Олег Новачукке тиесілі. Сонымен қатар «ХайдроТекМеталс» ЖШС, «ХайдроТекМеталс Процессинг» ЖШС, «Институт «Қазгипромаш» ЖШС-інде үлеске ие. Forbes Kazakhstan құрастырған «50 ең ықпалды бизнесмендер – 2016», «Қазақстанның 50 ең бай бизнесмендері – 2016» тізіміне енген.

Дереккөз: ru.wikipedia.org