Атырауда жалған тауар шығарып келген 16 цех анықталды

Атырауда жалған тауар шығарып келген 16 цех анықталды
Көрнекі сурет unian.net сайтынан алынды.

Алматы. 2 маусым. 7kun.kz — Жасанды «өнімін» ел бойынша емін-еркін саудалап келген 16 цехтың жасырын әрекеттері әшкереленді, деп жазды Қазақпарат.

Әділет департаменті зияткерлік меншік құқығы жөніндегі бөлім басшысы Мәди Мұхсановтың айтуынша, цехтарда «Пиала» шайы, «MacCoffee» кофесі,  «Mobil» мотор майы логотиптерімен және  ірі алкогольді компаниялардың ресми дистрибьюторы болып табылатын «Стэлл», «Вавилон», «ПерноРикар Казахстан», «ChivasHoldingsLimited», «MartellandCo» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің тауар белгілері жапсырылған контрафактілік өнімдер еш кедергісіз дайындалып келген.

«Өткен жылы ғана Атырау облысы мемлекеттік кіріс департаменті «Айал Снаб Сервис» ЖШС-нің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі істі тіркеді.

Аталмыш компания Атырау қаласындағы Жұлдыз ықшамауданы,  Аюпова А., 42, Элеваторная, 4 мекенжайларында орналасқан цехтарды жасырын құрал-жабдықпен қамтамасыз етіп келген.

Ол цехтарда «Shell» маркасымен жалған мотор майы, яғни контрафактілік өнім дайындалған» деп атап өтті Мәди Мұхсанов.

Дереккөз: Қазақпарат