Таңғы сессия: 1 доллар — 314,48 теңге

Таңғы сессия: 1 доллар - 314,48 теңге
Көрнекі сурет Forbes.kz сайтынан алынды.

Алматы. 9 маусым. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 9 маусымдағы доллардың орташа бағамы 314,48 теңге болды. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 314,40 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 314,60 тг, сауданың аяқталуы кезінде 314,60 тг болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 33 млн 000 доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 67.

Ақша айырбастау орындарында 9 маусымдағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.30) Алматыда 316 теңгені құраған.