Әлемдегі әрбір адам миллионер бола алады, бірақ барлығы мұндай мүмкіндікті қолдана бермейді. Сіз неге әлі миллионер емес екеніңізді білгіңіз келсе, келесі белгілерді оқыңыз.

Сіз беріліп жұмыс істейсіз

Сіздің миллионер болмайтыныңыздың 10 белгісі
Фото: static5.businessinsider.com

Мектептен бері айтып, құламызға сіңіп кеткен сөздер «барынша беріліп жасаған жұмыс — табыс кепілі». Қаржы кеңесшісі Рик Эдельманның ойынша бұл шындықтың бір ғана бөлігі. «Егер өміріңізде жасап жүрген нәрсенің бәрі қиын болса, сіз ешқашан бай болмайсыз. Қомақты қаржы жинау үшін тек қана қажырлы еңбек ету жеткіліксіз», — дейді Рик. Еңбектен бөлек, жиған-тергеніңізді ақылмен жұмсай білу керек. Мысалы, ақшаны қор нарығына, депозитке тағы да басқа қаржы құралдарына салып қою.

Сіз өз уақытыңызды ақша табуға емес, ақшаны үнемдеуге жұмсайсыз

 Сіздің миллионер болмайтыныңыздың 10 белгісі
Фото: static2.businessinsider.com

Кейбір адамдар ақшаны үнемдеуге көп көңіл бөледі. Мысалы, өз уақытын қосымша қаражат табуға емес, дүкен аралауға арнайды.
«Біз жеңілдіктер іздеуге сонша көп уақыт жұмсаймыз және соның кесірінен ақша табу мүмкіндігін жіберіп аламыз», — дейді миллионер Стив Сиболд.
Үнемдеу стратегиясынан бас тартудың қажеті жоқ. Алайда, егер сіз бай адамдар сияқты ойлағыңыз келсе, ақшаның жетіспеушілігіне алаң болмаңыз. Оның орнына қаржы табу көздерін іздеңіз. Бай адамдар қаржы табу көздерінің неғұрлым көп болуына көңіл бөледі.

Сіз өзіңізге ала алмайтын заттарды аласыз

Сіздің миллионер болмайтыныңыздың 10 белгісі
Фото: static1.businessinsider.com

Егер сіздің табысыңыздан шығыныңыз артып тұрса, сіз ешқашан бай болмайсыз.
«Менің компанияларым мен инвестицияларым маған сенімді қаржы көздерін алып келмегенше, мен ешқандай қымбат сағат та, көлік те алған жоқпын. Миллионер бола тұра, мен Toyota Camry көлігімен жүрдім. Сатып алған қымбат бұйымдарыңызбен емес, өзіңіздің жеткен жетістіктеріңізбен танымал болыңыз», — деп жазады миллионер Грант Кардоне.

Тұрақты жалақыңызға көңіліңіз толады

Қарапайым адамдар жұмыс жасаған уақытына қарай жалақы алады, ал бай адамдар істеген жұмысының нәтижесіне сәйкес жалақы алғанды жақтайды.
«Адамдардың көбісі үшін жалақы — гүлденуге ең қарапайым және қауіпсіз жол. Бірақ ұлылар біледі, өзін-өзі жұмыспен қамту — баю жолындағы ең тез амал», — дейді Стив Сиболд.
Әлемдік бизнестің өкілдері өз компанияларын жетілдіріп, ақша табуға мүмкіндік іздеп жүргенде, миллиондаған адамдар қарапайым жұмыстарында қалып, өздеріне кіріс табуға кепіл береді.

Сіз инвестиция жасауды бастаған жоқсыз

Қаражат табудың ең тиімді жолы — инвестиция жасау. Неғұрлым ерте бастасаңыз, соғұрлым өзіңізге жақсы.
«Орта есеппен алғанда милионерлер бір жылда тапқан табыстарының 20%-ын инвестицияға салады», — деп жазады өзінің «Мен сіздерге баюды үйретемін» атты кітабында Рамит Сетти. «Олардың байлығы жыл сайын тапқан сомаларымен емес, уақытында инвестиция жасағанымен есептеледі».
Қаржы құралдарына ақша салу үшін қаржы сарапшысы болудың қажеті жоқ. Қарапайым нәрсеге ақша салуды бастасаңыз, соның өзі сізге үлкен қаражат алып келетінін көресіз.

Сіздің жұмысыңыз өзіңізге ұнамайды

Егер сіз табысты адам болғыңыз келсе — өз жұмысыңызды жақсы көруіңіз керек. Бұл сіздің болашақтағы өміріңізді жасайды. Мамандық таңдауда көп адамдар қателеседі. Өзгелердің пікірін тыңдап, өзіне ұнамайтын мамандықты таңдайды.
«Өзгелердің арман-мақсаттарын қуамын деп, сіз соңында таңдаған мамандыққа көңіліңіз толмайды», — деп жазады миллионер Томас Карли «Әдеттеріңді өзгерт, өміріңді өзгерт» мақаласында. Оның айтуынша, жұмыс таңдауда сіз тек өзіңізді тыңдауыңыз керек, басқа жағдайда ұнамайтын іспен айналысып, бай бола алмайсыз.

Сіз «жайлы аймақтан» сирек шығасыз

Егер сіз баюға бет бұрсаңыз, сенімсіздік пен дискомфортқа үйренуіңіз қажет. Бай адамдар жайлылықты белгісіздіктен іздейді.
«Орта кластың ой санасының басты мақсаты — физикалық, психологиялық және эмоционалдық жайлылық. Ойшылдардың есебі бойынша, бай адамдарға жайлылық маңызды емес. Олар әрдайым белгісіздікте жұмыс істеп, осы жағдайда жайлылық табуға үйренген», — дейді Стив Сиболд.

Сіздің қаржылық мақсатыңыз жоқ

Алға қойған мақсатыңыз болса, ақша жинау оңайырақ. Мақсат ретінде мына нәрселерді қолдануға болады: үй сатып алу, шетелде өмір сүру, ай сайын саяхаттау және т.б. Өзіңізге мақсат табыңыз, оны ақ қағазға жазыңыз.
«Көп адамдар түсінбейтін бірінші себеп, ол өздеріне не керек екенін білмеу. Бай адамдар не керек екенін жақсы біледі. Олар байығысы келеді», — дейді миллионер Т.Харв Экер.

Сіз бірінші жұмсайсыз, сосын жинайсыз

 Сіздің миллионер болмайтыныңыздың 10 белгісі
Фото: richpro.ru

Бай боламын десеңіз бірінші ақшаның бір бөлігін жинау үшін бөліп қойыңыз, сосын қалған соманы жұмсаңыз.
Дэвид Бах «Автоматты миллионер» кітабында былай дейді: «Адамдар бірінші несиеге төлейді, телефонға төлейді, үйге төлейді». Ол табысты бірінші жинауға жіберуден бастау керек дейді. Ал ең жақсы амал — сіздің карточкаңыздан автоматты түрде бір сома жинақтау шотына аударылып тұрады. Мұндай қызметті кез келген банкте қостыруға болады.

Сіз бай бола алатыныңызға сенбейсіз.

«Байлық тек бақытты адамдарға берілетін қасиет деп ойлайтын адамдар көп. Шынымды айтсам, капиталдық мемлекетте кез келген адамның бай болуға құқығы бар», — дейді Стив Сиболд.
Миллионер мәселені «Неге мен емес?» деген сұрақтан бастап шешуге кеңес береді. Өзіңізге сеніңіз және тым болмаса 1 миллион теңге табуды мақсат қылыңыз.

Айза Аблаким