Аяғы ауыр әйелге несиесін төлеуде жеңілдіктер қарастырылған ба?

11387
Аяғы ауыр әйелге несиесін төлеуде жеңілдіктер қарастырылған ба?

СҰРАҚ:

Қарындасымның Хоумбанкте кредиті бар. Бірақ қазір аяғы ауыр, жұмыстан шығып қалған. Қазір төлеуге мүмкіндіктері жоқ. Оған жеңілдіктер қарастырылғын ба?

Кәкім Мерей, әлеуметтік желі арқылы жолданды

Жауап:

Банк несие түрінде берілген қаражатты қайтаруға мүдделі және нақты бір себептерге байланысты несие бойынша міндеттемелерін орындай алмай отырған қарыз алушының жағдайына түсіністік танытып, төлем кестесін өзгерту, төлеу уақытын кейінге ысыру секілді бірқатар шешімдерді ұсына алады. Алайда әр келісім-шарттың жекелей қарастырылатынын ескеру керек. Банкпен келісімге келу үшін қарыз алушы банкке барып, материалдық және әлеуметтік деңгейінің төмендегенін, несие алған күн мен қазіргі сәтке дейінгі аралықтағы жағдайының өзгергендігін растайтын деректерді, табысы туралы ақпаратты беруі қажет. Сондай-ақ қарыз алушының өтінішіне толыққанды баға беріп, шешім қабылдау үшін Банк қосымша дерек сұратуы мүмкін. Банктің акционерлер мен инвесторлар алдында ақша қаражатын дер кезінде қайтару және уақтылы сыйақы төлеу туралы міндеттемелері бар екенін еске саламыз. Сәйкесінше қарыз алушының несиені өз уақытында қайтармауы банктің кредиторлар алдындағы міндеттерді, бақылаушы орган орнатқан талаптарды дұрыс орындауына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Банк Хоум Кредит баспасөз қызметі


Құрметті оқырман! Егер банктерге қатысты (несие, проблемалық несие, несие картасы, депозит, банктер туралы жалпы банк, қаржы саласына қатысты) сұрақтарыңыз болса, бізге жолдаңыз, біз банк мамандарын қатыстыра отырып, жауап береміз. Үлкен мәселе болса Журналистік зерттеу жүргізуге дайынбыз. Сұрақтарыңызды info@7kun.kz почтасына немесе WhatsApp арқылы +7 701 448 91 40 телефон нөміріне жолдауды сұраймыз.