Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Хакерлер әлемдегі көптеген ірі компанияларға шабуыл жасады

Хакерлер әлемдегі көптеген ірі компанияларға шабуыл жасады

Алматы. 28 маусым. 7kun.kz - Әлемдегі ірі компанияларға кибершабуыл жасалды. Әзірге жеке адамдардың компьтерлеріне зиян келтірілгені жайлы ақпарат жоқ. Ең көп зардап шеккен украиналық компаниялар, деп хабарлады BBC.

Украинада вирус бірнеше министрлік пен энергетикалық компанияларға, банктер мен БАҚ, ұялы байланыс операторларына, ірі жанармай бекеттерінің желісіне, Борисполь әуежайы мен Киев метросына зардап келтірген.

Сарапшылардың айтуынша, бұл зиянкес бағдарлама да өткен айда мыңдаған компьтерді серверден шығарып тастаған Wannacry вирусының әдістерін пайдаланады. Petya деп аталатын бұл вирус құрылғыларды бұғаттап қайта ашу үшін криптовалютамен, яғни биткоинмен 300 доллар көлемінде өтемақы төлеуді сұрайды.

Ресейде "Роснефть" пен "Башнефть", Evraz металургиялық компаниясы және басқа да кішігірім компанияларға шабуыл жасалған.

Сонымен бірге, теңіз жүк тасымалымен айналысатын даниялық A.P. Moller-Maersk компаниясы, әлемдегі ең ірі заң компаниясы DLA Piper-дің Испаниядағы өкілі, Mondelez  азық-түлік компаниясы мен француздық St Gobain құрылыс компаниясы да өздеріне хакерлік шабуыл жасалғанын мәлімедеген.

Похожие материалы