Қазақстандық брокерлер үшін қаржы нарығында мүмкіндіктер кеңейді

472
брокер
Фото: forexlis.ru

Алматы. 10шілде. 7kun.kz — Қазақстанда брокерлік ұйымдар үшін валютамен биржалық сауда мүмкіндігін кеңейтіледі. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, бұл өзгеріс «Валюталық реттеу мен бақылау туралы» заң жобасына енгізілген. Қазіргі уақытта бұл мәселені ұлттық банк қарастырып жатыр.

«Бұл қаржы нарығының өтімділігіне, нарықтық курс өзгерісінің тиімділігіне, нарықтағы амалдардың айқындығына әсер ететін болады. Брокерлік ұйымдарға шетел валютасымен сауда жасау мүмкіндігі беріледі. Бұл болашағы зор жоба болады. Себебі, қазақстандықтардың халықаралық қаржы нарығында маржиналды несиемен тікелей тұтынушылық мүмкіндік беретін балама ұйымдар қызметіне қызығушылығы мол», — деа атап өтті Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков.

Қазіргі уақытта Қазақстандағы форекс-компаниялар мен дилингтік орталықтар нарықта қаржылық серіктестік әрекетін іске асыру лицензиясынсыз жұмыс істеп жатыр. Бұл компаниялар сыртқы қаржы нарықтарында өздерін қаржыландырудың балама алаңы ретінде рәсімдейді.

Еске салсақ, бұған дейін ұлттық банк Forex-брокерлердің қызметін басқаруға ниетті екендігін хабарланғанбыз.