2017 жылдың І жартыжылдығында DeltaBank активтері 1,6 есе төмендеді

DeltaBank
Фото: naryk.kz

Алматы. 25 шілде. 7kun.kz — 2017 жылдың І жартыжылдығында DeltaBank активтері 258,6 млрд теңгеге дейін (1,6 есе) төмендеді. Бұл туралы interfax.kz хабарлады.

2017 жылдың қаңтар-маусымында банктің міндеттемелері — 1,7 есе (207,8 млрд  теңге), жеке капиталы — 10,9 пайыз (50,8 млрд теңге), жарғылық капиталы — 1,3 пайыз (35,028 млрд теңге) дейін төмендеді.

Аталған кезеңде DeltaBank 5,551 млрд теңге шығынданған. Ал 2016 жылдың І жартыжылдығына қарағанда 5,071 млрд теңге пайда тапты. Таза пайыздық  табыс 1,5 есе (21,109 млрд теңге) көбейіп, комиссиялық табыс 2,8 есе (343,986 млн теңге) азайды.

2017 жылдың маусымында DeltaBank 7 филиалын жапты. Олар: Атырау, Ақтөбе, Орал, Қарағанды, Тараз, Павлодар, Петропавловск қалаларында орналасқан еді.