Сеул. 7 тамыз. 7kun.kz - Оңтүстік Корея прокуратурасы Samsung Group жетекшісі Ли Чжэ Ённің пара алғандығы анықталса оны 12 жылға түрмеге қамауды талап етіп отыр. Бұл туралы ИНТЕРФАКС хабарлады.
Баспасөздің мәліметінше, прокуратура 49 жастағы Ли Чжэ Ённің 4 айдағы сот тыңдалымынан кейін осындай позицияға көшті. Сот шешімі тамызды соңында шығады.
Тергеу нәтижесі бойынша, елдің экс-президенті Пак Кын Хенің құрбысы Чхве Сун Силь ірі бизнесті соған қарасты екі үкіметтік емес қорға заңсыз миллиондаған қаржы салуға міндеттеген.
Оның ішіндегі ең ірісі Samsung концерні болды. Компания Чхве Сун Сильге 43,3 млрд вон (38 млн доллар) аударған.
Ал Ли Чжэ Ён болса, тағылған айыпты жоққа шығарып отыр.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





