АҚШ үкіметі қаржы институттарына 150 млрд доллар айыппұл салды

қаржы
Фото: consumerist.com

Нью-Йорк. 9 тамыз. 7kun.kz — Қаржы ұйымдары АҚШ-қа ипотекалық дағдарыс үшін 150 млрд доллар көлемінде айыппұл төледі. Бұл туралы The Financial Times жазады.

«10 жыл бұрын франциялық BNP Paribas компаниясы subprime (жоғары қауіптілік деңгейі) категориясындағы ипотекалық несиелендіруге бағытталған қорларға инвесторлардың жолын жапты. Оған себеп ликвидтілікті толығымен жою деді. Одан бері 2007 жылдың 9 тамызы — көпшілік үшін қаржы дағдарысы басталған дата болып саналды.
Қаржы институттары белгілі бір деңгейде осы рецессияның соңынан ерді. Бірақ дағдарыс экономика мен нарықты толығымен өзгертті. Оның саясат ен қоғамға әсері әлі күнге дейін сезіледі», — деп жазылған мақалада.

Банктердің мүмкін болатын әрекеттерімен күрес аяқталмады. 2017 жылы әділет министрлігі мен басқа да АҚШ-тың реттеуші органдары 19 млрд доллар алды. Оның ішінде 5,5 млрд долларын Royal Bank of Scotland төледі.

The Financial Times-тің есебі бойынша, Bank of America барлық төлемнің үштен бір бөлігін өтеді. Банк өзі үшін, ипотекалық несиелендірумен айналысатын Countrywide үшін және Merrill Lynch рокері үшін 56 млрд доллар төледі.

Екінші орында 27 млрд доллар салған JPMorgan Chase тұр. Ол дағдарыс кезінде Bear Stearns пен Washington Mutual-ды сатып алған.

Жалпы соманың негізгі бөлігі (150,1 млрд доллардың 89,1 млрд доллары) ипотекалық кредитпен қамтамасыз етіліп, құнды қағаз сатып алғандарды алдады деген айыбы үшін алынды.

Айта кетейік, The Financial Times талдауына түскен қаржы ұйымдарының қатарында банктерден бөлек, рейтингтік агенттіктер мен басқа ұйымдар бар.