Мәдени шараны әлемнің 118 елінің телеарналары таратты, олар: АҚШ, Канада, Франция, Германия, Оңтүстік Корея, Жапония, Ресей, Қытай және басқалары. Бұлардан өзге, «Star of Asia» фестиваліне «Euronews» телеарнасының арнайы түсірушілер тобы, сонымен қатар Канаданың, Кореяның, АҚШ пен Ресейдің, Грузияның және басқаларының танымал журналистері мен блогерлері де келді.

«Star of Asia» музыка фестивалінің екінші күні Азия, Қытай, Түркия, Жапония, Кореяның үздік танымал әншілерінің қызыл кілемше үстімен жүру салтанатымен басталды. Олардың арасында оңтүстік кореялық «U-KISS» К-рор тобы, үндi әншіci Sanah Moidutty, түріктің жұлдызы Murat Boz болды.

Star of Asia
оңтүстік кореялық «U-KISS» К-рор тобы

«Медеу» биік мұз айдынында екі күн бойы шетелдік әртiстермен бірге қазақстандық орындаушылар: Дос-Мұқасан, МузАРТ, Қайрат Нұртас, Мәдина Сәдуақасова, Камшат Жолдыбаева, Әли Оқапов, Ерке Есмахан, Сүндет Байғожин, Зарина Алтынбаева, Маржан Арапбаева, Әлішер Каримов, Roya, Ademi, Аюми, Renzo, Black Dial және басқалары ән салды.

Star of Asia
Қайрат Нұртас пен Мәдина Сәдуақасова

«Бұл менің Қазақстанға алғаш келуім, маған өте ұнады, көрермендер жылы қабылдап, қолдау көрсетуде, әсіресе жергілікті әншілеріге деген қошамет жоғары. Фестивальді өткізу үшін таңдап алынған орын тамсандырады — таудың дәл ортасы. Сіздердің қалаларыңыз өте сұлу екен», — деді қызыл кілемше үстімен жүріп өткен үндi әншіci Sanah Moidutty.

Star of Asia
үндi әншіci Sanah Moidutty

Ерекше форматтағы мұндай музыка фестивалі Алматыда алғаш рет өтуде әрі «Азия дауысы» конкурсының символикалық жалғасы іспетті.

«Алматыда ауқымы кең шығармашылық шара өтуде. Ол бұрынғы «Азия Дауысының» жалғасындай. Бүгін біз сол бір кездері ән айтқан орындаушыларды еске алып, заманауи әншілерді тыңдаудамыз. Бұл соңғы фестиваль емес, жалғасы болады деген сенімдемін», – деді Медеу Арынбаев.

Star of Asia
Медеу Арынбаев

Концерт барысында пиротехникалық, лазерлік қондырғылар, жарық диодты конструкциялар, экрандар, ЛЭД-факелдері, жылжымалы сахна ұтымды пайдаланылды.

Star of Asia
Star of Asia

Еске салсақ, Медеуде радиалды формадағы сахна алғаш рет қойылды. Оның техникалық нюансы өте күрделі, сондықтан Қазақстанда мұндай сахналар жасалмайды. Авторлық жоба Германиядан, Ресей мен Украинадан келген әріптестер арқылы жүзеге асты. Порталдардағы вертикалды экран көрермендер мен әншілерді де тамсандырды.