КЭМБРИДЖ – АҚШ президенті Дональд Трамп оның саясаты алдағы көп жылдар бойы тұрақты 3-4% өсімді қамтамасыз етеді деп мақтанған. Оның болжауы, арасында Уолл-стрит пен АҚШ Федералдық резерв жүйесі де бар көптеген кәсіби сарапшылардың АҚШ 2 пайызға тең өсімге қол жеткізуінің өзі керемет сәттілік деген үміттеріне сәйкес емес.

Бірақ Трамптың болжамы дұрыс болуы мүмкін бе? Егер олай болса, бұл қаншалықты оның саясатының арқасында болмақ және тезірек өсу қоршаған орта мен табыс теңсіздігіне ұзақ мерзімді шығындарды әкелер ме? Қор нарығы тек өсу қарқыны туралы қам жеуі мүмкін, бірақ американдықтардың көбі өсімге қалай қол жеткізгені туралы қатты алаңдауы керек.

АҚШ-тың экономикалық өсу қарқыны бойынша Трамптың болжамы ессіз емес. Экономикалық деректердің тұрақты ағыны жыл сайынғы қарқын 2,5 пайызға дейін артқанын көрсетеді, бұл Трамп пен сарапшылар арасындағы айырмашылықты шамамен теңестірді. Сонымен қатар, Tрамп төрағалығының алғашқы жарты жылында жұмыспен қамту жоғары болып, бір миллионнан астам жұмыс орындары ашылды, қорлар да жаңа жоғары деңгейге көтеріліп, екеуі де жоғары тұтынуды қамтамасыз етуде.

Осы өнімділікті ескере отырып, жыл сайын 3% өсімге жету керемет бір нәрседей болмайды. Және Трамптың мақсатына жету, оның әкімшілігі кенеттен біркелкі жұмыс жасайтын болса, (бұл шынымен ғажайыптың болуын талап етуі мүмкін) одан да мүмкін бола түседі.

Әрине, биылғы жылғы өсім Барак Обама төрағалығы кезінде қол жеткізілген жетістіктердің жалғасы болып тұр. АҚШ экономикасы тәрізді үлкен кеменің бағытын өзгерту ұзақ уақыт алады және Трамп АҚШ-тың конгресінен өзінің экономикалық күн тәртібін өткізе алса да, өсім әсерлері 2018 жылға дейін әлі сезілмейтін болады.

Әрине, Трамп Қоршаған ортаны қорғау агенттігін (көмір өндіруге көмектескен ұйым) қопарды, қаржылық қадағалауды жұмсартты(банктік қорлар үшін жақсы болды) және монополияға қарсы шараларға қызығушылық танытпады (Amazon және Google сияқты техникалық монополиялар үшін жағымды өзгеріс). Алайда оның корпоративтік салық реформасы мен инфрақұрылымға жұмсалатын шығындары туралы негізгі саяси бастамалары әлі де талқылау кезеңінде тұр.

Сонымен қатар, Tрамптың протекционизмді арттыру және иммиграцияны күрт төмендету жоспары іске асырылса, олар өсуге елеулі теріс әсерін тигізеді (дегенмен, иммиграция құрамын экономиканың қажеттілігіне неғұрлым тығыз сәйкес ету қазірдің өзінде Канада мен Австралияда іске асырылып жатыр).

Мүмкін, Tрамптың экономикада жасалған жалғыз маңызды шешімі Федералдық резервтік жүйе төрағасы Джанет Йелленнің орнына тағайындаған таңдауы болар. Басқа тағайындауларда, Трамп технократтарға қарағанда генералдар мен бизнесмендерді ұсынған. Көптеген жылдар бойы ең табысты банкирлер Трамптың жақтырмаған маман түрлері болды.

Кімді тағайындаса да, ол бірден қиындықтарға тап болады. Қысылып бара жатқан еңбек нарығындағы қатаң еңбекақы өсуіның жалғасын табуы екіталай және жалақының кез-келген ұлғаюы бағаға күшті қысым жасайды (бірақ бұл тез арада болмауы мүмкін, себебі автоматтандыру және жаһанданудан жалақыға түсетін төмендету қысымы бар).

ФРЖ-ның жоғары жалақының өсуіне көшуді қалай шешетіні маңызды. Егер саясаткерлер пайыздық мөлшерлемелерді тым тез көтерсе, нәтижесінде құлдырау болады. Егер тарифтерді тым баяу көтерсе, инфляция өте ыңғайсыз және жоғары деңгейде болуы мүмкін.

Осылайша, Трамп экономикалық саясатты қалыптастыру жолын тапса, өз өсу мақсатына жете алады (бірақ бұл асықпастан жасалған саяси талдауға қарағанда туиттер дауылын жақсы көретін президент үшін екіталай). Бірақ АҚШ 3% мақсатқа қол жеткізсе де, бұл Трамптың үміттенетін панацеясындай болмауы мүмкін.

Біріншіден, тез өсім қазіргі теңсіздік үрдісін кері қайтара алмайды, ал кейбір штаттар немесе компаниялардың іс-әрекеттеріне бағытталған шағын президенттік араласу жағдайды өзгертуі мүмкін емес. Керісінше, капиталдың иелері негізгі бенефициар болып қала бермейді деп болжауға ешқандай негіз жоқ. Ақыр соңында, бұл үрдіс кері бұрылуы мүмкін, бірақ мен бұл әлі басталмайды деп ойлаймын.

Егер тек қоршаған ортаның тозуы мен теңсіздік экономикалық өсімге апарса, АҚШ үкіметі оған тым көңіл бөлуі қате ме? Олай емес шығар. Өсудің қатты қарқыны, әсіресе, кішігірім кәсіпорындар мен стартаптар үшін пайдалы, бұл өз кезегінде экономикалық мобильділіктің негізгі факторы болып табылады.

Соңғы жылдардағы төмен өсу қарқыны әлеуетті кәсіпкерлердің штаттар арасында қозғалып немесе жұмыс орындарын өзгертуге және жалпы экономикалық мобильдікті төмендетуге мәжбүр етті. Егер АҚШ экономикасы ұзақ уақыт бойы әлсіреп кетсе, ол АҚШ қарсыластарынан айтарлықтай әскери артықшылыққа ие болмайтын күнді едәуір жақындата алады.

Трамп сияқты, АҚШ-тың шетелдегі әскери қатысуын қысқартуды қалайтындар бұл алаңдауға тұрарлық емес деп айта алады, бірақ олар қателеседі. Кеңінен таралған және экологиялық тұрғыдан тұрақты өсуді қамтамасыз ететін саясаттар ағымдағы таратылым үрдістерін сақтайтын және көптеген американдықтардың қайғы-қасіретін ушықтыратын саясатқа қарағанда әлдеқайда тиімдірек болады. Трамп 2018 және 2019 жылдары өсу мақсаттарына жетсе де, тке қор нарығы ғана қуанышты болуы мүмкін.

Автор туралы: Кеннет Рогофф — ХВҚ-ның бұрынғы бас экономисі, Гарвард университетінің экономика және қоғамдық саясат профессоры болып табылады.

Авторлық құқық: Project Syndicate, 2017. www.project-syndicate.org