Таңғы сессия: 1 доллар — 341,27 теңге

243
теңге
Фото: zakon.kz

Алматы. 2 қазан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 2 қазандағы доллардың орташа бағамы 341,27 теңге болды. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 340,80 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 341,54, сауданың аяқталуы кезінде 341,15 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 24 млн 750 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 88.

Ақша айырбастау орындарында 2 қазандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.05) Алматыда 342,1 теңгені құраған.