Ауыл шаруашылығы министрлігінің жоғары лауазымды шенеунігі парамен ұсталды

министрлігінің
Фото: kazinform.kz

Астана. 10 қазан. 7kun.kz — Астана қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюросының департаменті ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетінің экономика, бюджетті жоспарлау және бухгалтерлік есеп басқармасының басшысы М.К.Мырзатаевтың қылмыстық әрекетін тоқтатты. Бұл туралы департамент баспасөз қызметі хабарлады.

Күдікті мемлекеттік сатып алу қатысушыларынан жеңімпаз деп тану үшін және келісімшарттар бойынша жеделдетілген төлем жасағаны үшін пара алып отырған. М.К.Мырзатаев  4,3 млн теңге кезекті пара алу кезінде ұсталды.

Қазіргі уақытта М.К.Мырзатаев Астана қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды.