Бозымбаев: АИ-92 бензинінің жалпы қалдығы 120 мың тонна

Бозымбаев
Фото: zakon.kz

Алматы. 17 қазан. 7kun.kz — Қазігі уақытта Қазақстанда АИ-92 бензинінің жалпы қалдығы 120 мың тонна. Бұл аймақтарға АИ-92 бензинін 13 күн үздіксіз жеткізуге жетеді. Бұл туралы энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

«Бензинге қатысты жағдайды тұрақтандыру үшін бірқатар шаралар қабылданды. Шымкент және Атырау мұнай өңдеу зауыттарында АИ-92 өндірісі 35 мың тоннаға дейін өсті. Шымкент зауытында 490 мың тоннаға дейін өсті. Жеңілдетілген мұнай қосымша жеткізіліп отыр. Жоспарланған 135 мың тонна орнына 170 мың тонна АИ-92 өндіруге мүмкіндік береді», — деді ол.

Энергетика министрінің сөзінше, Ресейдің Энергетика министрлігімен, «Роснефть» және «Газпромнефть» басшылығымен ресейлік мұнай өңдеу зауытынан 100 мың тоннадан астам АИ-92 тиеу туралы  келісім жасалған. Оның 50 мың тоннасы аптаның соңына, қалған бөлігі айдың соңына дейін жеткізіледі.

«Екі желіде ғана талонмен беріліп отыр. Олар жақын күндері еркін саудаға көшеді деп ойлаймын. Бұдан бөлек, Павлодар мұнай өңдеу зауытындағы барлық жұмыстар кестеге сай 26 қазанда іске қосылады. Қазан айының соңына дейін зауыт 65 мың тонна мұнай өңдеп, тәулігіне 2,5 мың тонна АИ-92 бензинін шығарады», — деді Қ. Бозымбаев.