Таминаға көмек қажет

257
көмек
Айнұр Елеусинованың Facebook парақшасынан алынды

1 жасар Таминаның туғаннан бері құлағы естімейді. Осы уақытқа дейін оның ата-анасы бар қаражатын салып, неше түрлі тексеруден өткізіп, мүмкін болатын емнің барлығын қабылдады. Ендігі, есту аппараттарын сатып алатын қаражат жинауға көмектесуіңізді сұрайды

4 айлығында Алматыдағы №5 қалалық ауруханада толық аудиограммадан өтті. Диагноз: сенсоневральная тугоухость. Сурдологтардың бағыттауымен невропотологиялық емнің 2 курсынан да өтті.  Соңғы қабылдаған дәрілері мен физио-емдері (массаж, инемен емдеу, артикуляционды массаж, электрофорез, микрополяризация) жағдайын аз ғана уақытқа жақсартты. Қазіргі уақытта есту қабілеті нашарлап бара жатыр. Бір құлағы 63% (3-дәреже), екінші құлағы 70% (4-дәреже) естімейді.

Тамина есту үшін екі құлағына да цифрлық есту аппаратын сатып алып, одан әрі сурдопедагогтардан сабақ алуы керек. Оған 1 215 000 теңге қажет. «Қазіргі уақытта — 275 000 тг жиналды, 940 000 тг — қажет», — делінген инстаграм парақшасында. Таминаның отбасы мұндай ірі көлемдегі ақшаға мұқтаж! Сондықтан, қымбатты достар, кішкентай қыздың жарық дүниені естуіне көмектесейік!

көмек
Айнұр Елеусинованың Facebook парақшасынан алынды

 

https://www.facebook.com/100011387766857/videos/604837686572485/

Бұл жағдай әрбір отбасында болуы мүмкін. Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

QIWI кошелёк +7 747 550 96 66

KASPI BANK, карта нөмірі: 5169 4902 8394 9617

Көпбаева Айнур Кайратқызы, ИИН 901 124 400 408

Байланыс нөмірі: 87475509666.


көмек
Айнұр Елеусинованың Facebook парақшасыныан алынды

Редакциядан

Құрметті оқырман!

Әр түрлі ресурстарда  емделу үшін немесе жағдайы төмен отбасыларға көмектесуді  сұраған ақпараттарды жиі көреміз.

Біздің редакциямызға да ондай хаттар жиі келеді.

Мұқтаж жандарға ақпараттық тұрғыдан көмектесу және көмекке мұқтаж  жандарды  бір ресурсқа топтастыру мақсатымен осы айдарды ашуды жөн деп санадық.

Егер әлеуметтік желі, сайттардан көмек сұраған хабарландыру көрсеңіз немесе өзіңіз мұқтаж болсаңыз толық мәліметтерді  (сурет, не үшін қажеттігін көрсетіп, қаражат аударуға қажетті реквизиттерді, байланыс мәліметтері) көрсетіп  info@7kun.kz почтасына немесе +7 700 973 83 77 нөміріне whatsapp арқылы жіберуді сұраймыз.

Қазіргі кезде шын мұқтаждардан бөлек, түрлі алаяқтық оқиғалар көбейгендіктен мәліметтер редакция тарапынан тексеріліп барып жарияланады.

Мәлімет сайтпен қатар әлеуметтік желідегі парақшаларға да салынады.

Әлеуметтік жобалармен айналысатын түрлі компанияларға жіберіледі.

Редакция қаржылай көмек көрсетпейді. Сіздің ақпаратыңызды ары қарай тарату үшін жариялайды. Редакция қайырымды жандардың қаражатын қабылдамайды. Мұқтаж адамға көмекті көмек сұраған адамдардың реквизитіне тікелей жіберуіңізді сұраймыз.

Редакция мұқтаж жандар туралы қосымша ақпарат бермейді. Қосымша ақпаратты көрсетілген байланыс нөміріне тікелей жіберуіңізді сұрайды. Редакция әлеуметтік желідегі көмек сұраған хабарландыруларды тексеріп, көшіріп басады.

Егер ол хабарландыру маңызын жойса, көмек қажет емес болса, сайттағы ақпарат қате болса info@7kun.kz почтасына немесе +7 700 973 83 77 нөміріне whatsapp арқылы ескертуді сұраймыз.