Үнемделген қаржыға жаңа жолдар салынады

жолдар
Фото: Мунайлы Астана

Алматы. 22 қараша. 7kun.kz — Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында  Қарыз туралы келісімге №2 түзетулерге қатысты Қазақстан мен ХҚҚДБ арасындағы келісім-хатты ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«1056 шақырым болатын Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы учаскелерді қайта салу үшін негізгі қаражат туралы келісімге 2009 жылы 13 маусымда қол қойылды. Сонымен қатар 80 шақырым болатын Шымкент-Жамбыл облысы шекарасы жолын салуға жаңа учаске қосылып, 2013 жылы 23 мамырда қарыз туралы келісімге қатысты №1 түзетуге қол қойылды.  Қазіргі уақытта аталған учаскелерде құрылыс жұмыстары аяқталып, жол пайдалануға берілді. Конкурстық рәсімдердің нәтижесі, сондай-ақ ұлттық валютаның девальвациясынан кейін үнемделген қаржы қалды. Жалпы, үнемделген сома 359 млн АҚШ долларын құрады», — деп атап өтті ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек заң жобасы бойынша баяндамасында.

Оның сөзіне қарағанда, Үкімет үнемделген қаражат — 271,2  млн долларды «Күрті-Бурылбайтал» (85 шақырым) және «Ұзынағаш -Отар»  (96 шақырым) учаскелерін қайта салуға жұмсауға шешім қабылдады.

«Аталған қаражат ұзындығы 181 шақырымдық асфальтбетонды төрт жолақты жолды, 14 көмір мен 181 су өткізгіш құбыр құрылысына жұмсалатын болады. «Күрті-Бурылбайтал» және «Ұзынағаш-Отар» учаскелерінің жобаларын үнемделген қаражат есебінен іске асыру көзделген. Жобаны жүзеге асыру мерзімі 2018-2020 жылдарға жоспарланған», — деді Қасымбек.