Банктердің кредит бойынша артық комиссияны қайтарып беріп жатқаны рас па?

397
Whatsapp
Фото: Алау-ТВ

Жақында whatsapp арқылы банктер 2006 жылға дейін алынған кредиттер бойынша артық комиссияны қайтарып беріп жатыр деген ақпарат тарады. Енді кеше бір сайттарда «Ақтөбеде екінші деңгейлі банктерден несие алғандар комиссия шығындарын өтеп алып жатыр» деген ақпарат тарады. Облыста 70 адам екінші деңгейлі банктерді сотқа беріп, комиссия шығындарын өтеп алған. Бұл қаншалықты рас?

Алмас, әлеуметтік желі арқылы жіберді

Жауап: Алмас, whatsapp арқылы тараған ақпаратты анықтау үшін банктерге хабарласып, ресми парақшалары, сайттарын да қарап шықтық. Бірде бір банкте бұл туралы ресми ақпарат жоқ. Яғни, банктерде жаппай комиссияны қайтару болған жоқ. Бұл қауесет. Егер мұндай болса, банктер хабарлайтын еді. Ал Ақтөбе облысындағы жағдай мүлдем басқаша. Мұнда банктер артық комиссия қосты деп күдіктенгендер сотқа шағымданған, сот кейбіріне қайтарып беру туралы шешім шығарып берген. Яғни, жаппай қайтару туралы ақпарат жоқ. Кейбір БАҚ мұны жаппай қайтарып жатқандай хабарлады. Бұл қате ақпарат. Әр жағдай жеке қарастырылатындықтан, егер сіз өзіңіз несие алған кезде банк заңсыз комиссия қосты деп күдіктенсеңіз, заңгер кеңесін алғаныңыз жөн. Егер заңгер сотқа шағымдануға негіз бар десе, сотқа шағым түсірсеңіз болады. Банк клиенті сотқа арыз түсіріп, комиссияның негізсіз төлегенін дәлелдеуі керек.

Сұрақ иесі: Алмас