Алматыдағы №7 қалалық аурухана 3Н жүйесіне көшті

қалалық

Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz – Алматы қаласы №7 қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөлімінде триаж-жүйе енгізілді. Аталмыш жүйе стационарда медициналық көмекті ұйымдастыру кезінде байланысты жақсартуға, сондай-ақ, медициналық қызметтер сапасын көтеруге бағытталған.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған бұл жаңа жүйе пациенттерге кабинеттен тыс қызмет көрсетуге арналған. Ол еліміздің барлық ауруханаларында енгізілетін болады. Алматыда №7 қалалық аурухана алғашқылардың бірі болып қабылдау бөлімін триаж-жүйеге қажетті қорлармен жабдықтап жатыр.

Осы жаңалыққа сәйкес қабылдау бөліміне келіп түскен науқастар үш топқа бөлінеді. Оған сәйкес пациенттің ахуалына байланысты оның қолына қызыл, сары немесе жасыл түсті білезік тағылады. Қызыл аймақ — шұғыл түрде медициналық көмек көрсетілуі тиіс пациенттер. Сары аймақ – интенсивтік емес көмек. Жасыл аймақ пациентті қабылдап, қызмет көрсетіп, бағыт беруге, ал қажет болған жағдайда жоспарлы тәртіпке сәйкес ауруханаға жатқызуға арналған.

Іріктеуден кейін науқастарды мобильдік функционалдық қоларбалармен жабдықталған қарау аймағына немесе арнайы аймаққа алып барады. Мұнда пациенттерге тереңірек зерттеу жүргізіледі. Мониторлардағы арнайы бағдарламалық жабдықтама онлайн тәртіптемеде пациенттерге қызмет көрсету барысын көрсетіп тұрады.

Бұл жаңалық арқасында мамандарға қаралу үшін кезекке тұру қажет болмайды. Нәтижесінде науқастар жағынан келіп түсетін шағымдар санын едәуір азайтуға мүмкіндік береді.