Ішкі нарықта K4, K5 экологиялық класты мұнай өнімдерінің өндірісіне ғана жол беріледі

өнімдерінің

Алматы. 22 қаңтар. 7kun.kz – Кеден одағының шешімен бекітілген «Автомобильдік және авиациялық бензинге, дизельдік және теңіз отынына, авиациялық отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы» техникалық регламентіне (бұдан әрі – ТР) сәйкес, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап, Қазақстан Республикасының аумағында тек К-4 және К-5 экологиялық класына сәйкес келетін ашық мұнай өнімдерінің өндірісіне және айналымға шығаруына жол беріледі, деп хабарлайды ҚР энергетика министрлігі.

Бүгінгі күні «ПКОП» ЖШС, «ПМХЗ» ЖШС және «АМӨЗ» ЖШС-дегі дизельдік отын өндірісі К-4, К-5 экологиялық класына сәйкес келеді. Сондай-ақ, осы класқа «ПМХЗ» ЖШС мен «ПКОП» ЖШС-ы өндіретін бензин де жатады.

013/2011 КО TР 2-бабының негізінде Атырау МӨЗ-ның Терең мұнай өңдеу кешенінің (ТМӨК) технологиялық қондырғыларында іске қосу жұмыстарын жүргізу кезінде К2 экологиялық класты бензиннің сынақтық-өнеркәсіптік топтамасының айналымға шығарылуы жалғасатын болады. Ол 013/2011 КО TР-не сәйкес, 2Д сәйкестікті растау сызбасы бойынша (2018 жылғы бірінші жартыжылдықта) тек Қазақстан Республикасы аумағында мұнай өнімдерінің айналымға шығару мүмкіндігімен жол беріледі.

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстан республикасы аумағында К2, К3 экологиялық кластағы мұнай өнімдерінің импорты мен өндірісіне тыйым салынады (СӨТ-Ты қоспағанда).

Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген ТР-те К-2 экологиялық класына сәйкес келетін ауыспалы мұнай өнімдерінің қалдықтарын іске асыру бойынша тыйымдар қарастырылмаған. Яғни, 2018 жылы ҚР-ның ішкі нарығында К-2 класына сәйкес келетін өнімдерден мұнай базалары мен АЖҚС-ның толық босатылуына дейін К-2 экологиялық класына сәйкес келетін (келісімшарт жасалған және республика аумағына 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін әкелінген) мұнай өнімдері іске асырылатын және қолданылатын болады.