Доллармен ипотека алған қарыз алушыларға қолдау көрсетіледі

қолдау
Фото: Ocean Bank

Алматы. 2 ақпан. 7kun.kz – Валютамен ипотека алған қарыз алушыларға қолдау көрсету мақсатында Мемлекет басшысы 2018 жылғы 10 қаңтарда Ұлттық банкке халыққа 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін валютамен берілген ипотекалық қарыздар бойынша мәселені шешуді тапсырды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкі.

Осы тапсырманы орындау үшін Ұлттық банк қолданыстағы Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын кеңейту жөнінде жұмыс жүргізеді.

Екінші деңгейдегі банктермен (бұдан әрі – банктер) алдын ала талқылау нәтижесі бойынша қайта қаржыландырудың негізгі өлшемшарттары мен талаптары әзірленіп жатыр.

Осыған байланысты Ұлттық банк банктердің атына әзірленіп жатқан өлшемшарттарға әлеуетті түрде сәйкес келетін қарыз алушыларды тұрып жатқан жерінен шығару рәсімін тоқтата тұру, сондай-ақ кепілге салынған тұрғын үйді сату арқылы борышты өндіріп алу және қарыз алушыларды/кепіл берушілерді тұрғын үйінен шығару жөнінде мемлекеттік және жеке сот орындаушыларына берілген атқару парақтарын кері қайтару туралы ұсыныммен хат жіберді.

Бағдарламаға өзгерістер жақын уақытта қабылданады деп жоспарланып отыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!