Банк ЦентрКредитте UnionPay төлем жүйесі енгізілді

Центркредит
Фото: Kapital.kz

Алматы. 2 ақпан. 7kun.kz – Енді Банк ЦентрКредиттің банкоматтары мен POS-терминалдары желісінде UnionPay International халықаралық төлем жүйесіне қызмет көрсету қолжетімді болады.

UnionPay International – әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан ірі халықаралық төлем жүйелерінің бірі. UnionPay туралы бірнеше қызықты фактілер:

1. Айналымда 6,5 млрд астам UnionPay карталары бар; 
2. Сервис 162 елде қолжетімді;
3. Қызмет көрсету желісіне бүкіл әлем бойынша 2 млн банкомат пен 41 млн астам сауда-сервис кәсіпорындары кіреді.

«Біздің ынтымақтастығымыз банк клиенттеріне жаңа мүмкіндіктер аясын ашатыны белгілі және лайықты қызмет көрсету деңгейімен өте қолайлы төлем жасау тәсілін таңдауға мүмкіндік беретініне сенімдіміз» — делінген банктің әлеуметтік парақшасында.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!