Алматы. 2 ақпан. 7kun.kz – Астана ІІД қылмыстық полиция басқармасы бірнеше мейрамханалар мен қонақүйлердің басшылығын телефон арқылы алдап соққан алаяқтарды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.
Полицейлердің сөзіне қарағанда, күдіктілер мейрамханаларға хабарласып, үлкен банкеттерге тапсырыс берген. Әдейі ассортименттен табылмайтын қымбат, сирек кездесетін ішімдіктерді қоюын сұраған.
«Араға уақыт салып, «клиент» әкімшіге спиртті ішімдіктерді өзі алғанын айтып, арақ-шараптың ақшасын киви-әмиянға жібере салуын ұсынып, содан кейін банкет үшін толық есептесетініне сендіреді. Жәбірленушілер алаяқтардың қармағына қалай түсіп қалғанын білмей де қалған», - дейді тәртіп сақшылары.
Полицейлер құқықбұзушыларды іздестіруде. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабына («Алаяқтық») сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
«Астана қаласы ішкі істер департаменті қала тұрғындарын сақтыққа шақырады. Осы тақылеттес фактілер жайлы білгендеріңіз болса, «120-ға» хабар беріңіздер», - дейді ІІД.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024