Алматы. 14 ақпан. 7kun.kz — 2017 жылы қазақстандықтарға инвестициялаудың альтернативті құралы ұсынылды. Ол драгметалл деген атпен белгілі. 2017 жылдың 31 мамырында ҚР Ұлттық банкі тұрғындар үшін алтын кесектерін сату мен сатып алу жөнінде бағдарламаны іске қосты. Себебі, тұрақты, әрі сенімді инвестиция ретінде қымбат тастарды бұрынғы кезден-ақ пайдалана бастаған. Бұл туралы Ranking.kz хабарлайды.
ҚР Ұлттық банкінің мәліметіне сәйкес, 13 ақпанда 1 грамм алтынның құны 13 882,7 теңге болды. Бір күн бұрын баға 13 849,6 теңге болатын. Бағдарлама басталғалы бері 1 грамм алтын үшін ең жоғары баға көрсеткіші 2017 жылдың 7 қыркүйегінде байқалды. Ол кезде 1 грамм алтын құны 14 702,1 теңгеге тең келді. Ал, 2018 жыл бойынша ең жоғарғы баға 16 қаңтарда тіркелді – 14 223,4 теңге.
Сонымен бірге, 8 ай ішінде (13.06.17 — 13.02.18) алтын 8 пайызға қымбаттады.
Инвестициялаудың құралы ретінде алтын кесектері екінші деңгейлі банктердің үшеуінде сатылымға шығарылады: Халық банкі, Еуразиялық банк және Цеснабанкте.
Аталмыш банктерде алтын кесектері мен құймалары 10, 20, 50 және 100 грамм салмағында беріледі. Әрбір кесек арнайы элементтермен жабдықталған (кесектің айналық беті, микромәтін және анық таңба). Сондай-ақ, арнайы қобдишада шығарылады. Ол кесекті механикалық зиянкестерден қорғап, қобдишаның бүтіндігін анықтауға мүмкіндік береді.
Драгметаллдың тағы бір инвестициялау түрі – жеке сипаттамаларынсыз (кесек саны, сынамасы, өндірушісі, сериялық нөмірі), әрі иесіз металлдық шот. Яғни, алтын кесегінің тікелей иесінің қолында болған жағдайымен салыстырғанда, бұл орайда қымбат тастар қолға берілмейді. Ол дегеніміз, алтынның құнын тиімді етеді. Яғни, қосымша құн салығы, сақталу шығыны, металлды инкассациялау және зерттеу болмайды.
Қазақстанда мұндай металлдық шоттарды 3 банк қамтамасыз етеді. Сбербанкте алтын, күміс, платина, палладияны сату-сатып алу үшін шот ашуға болады. Халық банкінде алтын мен күміске ғана шот ашуға болады. Ал, Qazkom-да тек алтынға ғана.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!