Ержан Тәтішев қоры білім гранттарының конкурсын жариялады

Тәтішев
Фото: The Steppe

Алматы. 20 ақпан. 7kun.kz — Ержан Тәтішев қорының бағдарламасы айқын көрінетін көшбасшылық қабілеттері бар және кәсіпкерлікпен айналысуға ұмтылысы бар ең үздік студенттерге байқау жариялайды.

Бағдарлама байқауына кәсіпкер ісін игеруге және өз ісін ашуға ниет білдіретін әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан және балалар үйінен шыққан мектеп пен колледж түлектері шақырылады.

«Ержан Тәтішев Қоры» Қоғамдық Қорының (бұдан әрі Қор) білім гранттары Алматы Менеджмент Университетінде (бұдан әрі AlmaU) бакалавр дәрежесін алуға беріледі. Байқауға Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жастар шақырылады.

Білім гранттарына жоғарғы оқу орнына түсуге алғаш рет талпыныс білдірген, байқаудың барлық іріктеу кезеңдерінен өтіп, қаржылық көмекке мұқтаж екендігін құжатпен растаған мектеп және колледж түлектері үміткер бола алады.

Білім гранты транштармен бір оқу жылы немесе бір семестр үшін төленеді. Сонымен бірге, егер де студент, яғни грант иесі, оқуда және қоғамдық өмірде үздік көрсеткіштерге жетсе, грант мерзімі ұзартылады.

Сондай-ақ, қор жағдайы нашар отбасылардан шыққан мүгедектігі бар жастарға келешекте маман иесі болып, жұмысқа орналасуларына демеу бола алатын, кәсіби лицейлерде, училищелерде, колледждерде және жоғары кәсіби мектептерде (бұдан кейін — оқу мекемелері) білім алуға мүмкіндік туғызып отыр.

Ержан Тәтішев Қорының білім гранттары байқаудың іріктеу нәтижелері бойынша тағайындалады. Олар, ең алдымен, үміткердің көшбасшылық қасиеттерін, оның академиялық білімдері мен жетістіктерін анықтауға, сондай-ақ жеке тұлғалық дербес қасиеттерін анықтауға негізделеді. Білім гранты Қор тарапынан бүкіл оқу кезеңіне беріледі.

Қор қызметкерлерінің және Қамқоршылық Кеңесі мүшелерінің жақын туыстары байқауға қатыса алмайды. Білім гранттарының саны және олардың көлемі жыл сайынғы негізде Қор басшылығымен анықталады.

Білім грантын алу мақсатында тапсырылған құжаттар бағдарлама бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынылуы мүмкін.

Өтінімдер 30 сәуірге дейін қабылданады

Байқау туралы толық ақпаратты мына сілтеме арқылы біле аласыздар.

Мүгедектігі бар жас студенттерге арналған Ержан Тәтішев қорының бідлім бағдарламасы 

Ержан Тәтішев қорының «Бес тірек» білім гранттары бағдарламасы 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!