GGG — «Канело» реваншының билет құны белгілі болды

құны
Фото: sbnation.com

Алматы. 23 ақпан. 7kun.kz — 2018 жылдың 5 мамыры күні Лас-Вегастың T-Mobile Arena стадионында өтетін Головкин — Альварес реваншына кіру билеттерінің құны белгілі болды.

Атап өтілгендей, билеттер сатылымға 27 ақпан күні шығады және келесі бағада белгіленіп отыр: 300 доллар (96 000 теңге), 500 доллар (160 000 теңге), 700 доллар (224 000 теңге), 800 доллар (256 000 теңге), 1 500 доллар (480 000 теңге), 2 000 доллар (640 000 теңге), 2 500 доллар (800 000 теңге) және 5 000 доллар (1 600 000 теңге).

Айта кетейік, 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегастың T-Mobile Arena-сында өткен Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегіне де билеттер құны осындай болған еді.

Сондай-ақ, белгілі болғандай, қос боксшы 27 ақпан күні Лос-Анжелестегі Microsoft Square L.A. LIVE мәдени, ойын-сауық кешенінде журналистердің сұрақтарына жауап беріп, «көзқарастар дуэлін» өткізеді.

Жанкүйерлер үшін мәдени, ойын-сауық кешенінің есіктері АҚШ уақытымен 15:30-дан бастап ашық болады. Ал жалпы іс-шара 18:30-да (астана уақытымен 28 ақпан күні 08.30-да) басталады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!