Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Алматы. 2 наурыз. 7kun.kz — 2018 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне түскен салық және төлемдер 463,3 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ, жыл ішінде салық түсімдерінің көлемі 2,4 пайызға қысқарды, деп хабарлайды Finprom.kz.
Салық пен төлемдердің едәуір қысқаруы елордада байқалды. Астана қаласы бойынша бюджетке түскен салық түсімдерінің көлемі бір жылда 26 млрд теңгеге немесе 38,2 пайызға азайды.
Ал, салық бойынша ең көп өсім Ақмола облысында тіркелді. Жыл ішінде облыстан мемлекеттік бюджетке түсетін салық 2,9 млрд теңгеге немесе 41,8 пайызға өсті.
2017 жылдың қорытындысы бойынша, мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдерінің ең көп мөлшері қаржы орталығы Алматыда (24,7 пайыз) болды. Сонымен қатар, бұл үштікке Атырау (14,6 пайыз) және Астана (13,8 пайыз) ілінді.
2018 жылдың қаңтар айында салық түсімдерін Алматы 24,8 пайыз, Атырау облысы 9,6 пайыз, Астана 9,1 пайызбен қамтамасыз етті.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024