Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Қазатомөнеркәсіп» үшінші рет пакетін сатылымға шығарды

«Қазатомөнеркәсіп» үшінші рет пакетін сатылымға шығарды

Алматы. 12 наурыз. 7kun.kz – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Astana Solar» ЖШС, «Kazakhstan Solar Silicon» ЖШС және «KazSilicon» МК» ЖШС-ның жарғылық капиталындағы 75-100 пайыз қатысу үлесі пакетін сататынын хабарлайды.

Конкурс «Самұрық-Қазына» АҚ және дауыс беру акцияларының елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-на меншік ретінде тиесілі болған ұйымдардың «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген активтерін сату және қайта құрылымдаудың бірыңғай ережелері мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ активтерін сату жөніндегі комиссия бекіткен конкурстық құжаттамаларға сәйкес жүргізіледі.

Көрсетілген серіктестіктердің жарғылық капиталындағы 100 пайыз қатысу үлесі үшін сұралатын бастапқы баға он сегіз млрд екі жүз жетпіс жеті млн жиырма тоғыз мың теңгені құрайды.

Ашық екі кезеңдік конкурс 2018 жылғы 12 наурызда басталып, 28 наурыз күні Астана уақытымен сағат 15.00-де аяқталады.

«Активті сатып алған инвестор мәміленің белгіленген шарттарын орындау жапуапкершілігін өз мойнына алады. Сатып алушы қызметкерлердің штаттағы санын, қызмет профилін сақтауды және кәсіпорындардың әрекеттегі шарттарын орындауға міндеттенеді», - делінген ұлттық компанияның хабарламасында.

Еншілес және тәуелді кәсіпорындарды сату Бизнесті трансформациялау бағдарламасы аясында бизнесті оңтайландыру мақсатында бейінді емес активтерден арылу және компания қызметін тікелей атом саласына бағыттау жолымен жүзеге асырылады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы