2018 жылғы ақпандағы инфляциялық күтулер туралы

күтулер

Алматы. 15 наурыз. 7kun.kz – Халық арасында жүргізілген инфляциялық күтулерді бағалау жөніндегі кезекті пікіртерім нәтижелері, қабылданатын және күтілетін инфляцияның төмендеу үрдісінің жалғасып отырғанын көрсетеді.

«Өткен айдағы» инфляцияны бағалау бойынша, бағалардың өзгермегенін немесе олардың қалыпты өсуін атап өткен халық үлесі 2018 жылы қаңтарда 51 пайыздан ақпанда 58 пайызға дейін ұлғайды. Ақпан айында бағалардың өте қатты өскенін атап өткен халықтың үлесі 28 пайызға дейін (салыстыру үшін – 2017 жылғы қазанда 44 пайыз) төмендеген. Сонымен бірге, жекелеген айларда оның ауытқуына қарамастан, «соңғы 12 айда» қабылданатын инфляция деңгейінің баяулауының ұзақ мерзімді үрдісі жалғасуда – «12 айда бағаның 10 пайыздан астам өскенін» атап өткен халық үлесі ақпанда 58 пайызға дейін (қаңтарда – 62 пайыз) төмендеді.

Инфляциялық күтулердің тұрақтанғанын, «келесі айда» бағалардың қалыпты өсуін немесе тұрақтылығын күтетін және бағаның айтарлықтай өсуін күтетін пікіртерімге қатысушылар үлесі ұлғайды. Халықтың неғұрлым ұзақ кезеңге инфляциялық күтулерінің төмендеуі жалғасуда. «Келесі 12 айда» бағаның өсу қарқынының сақталуын немесе төмендеуін күтетіндердің үлесі бір айда 61 пайыздан 64 пайызға дейін артты.

Халықтың инфляциялық күтулерді сандық бағалауы (12 айдан кейін күтілетін инфляция) 2018 жылғы қаңтардағы 6,6 пайыздан 2018 жылғы ақпанда 6 пайызға дейін төмендеді және ол 2018 жылғы инфляцияның таргеттелетін дәлізінің шегінде болып отыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!