Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі наурызда 9,5 пайызға төмендеді

базалық
Фото: Qamshy.kz

Алматы. 9 сәуір. 7kun.kz — Ақша-кредит талаптары 2017 жылғы төртінші тоқсан ішінде бейтарап болды. Ақша және кредит нарықтарындағы ахуал Қаржылық орнықтылықты арттыру бағдарламасын іске асыру ықпалында қалды. 2017 жылғы қазанда және қарашада Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі 10,25 пайыз деңгейінде өзгеріссіз сақталды.

2018 жылғы қаңтарда мөлшерлеме 9,75 пайызға дейін, наурызда – 9,5 пайызға дейін төмендеді.

Ұлттық банк нарықтың 2018-2019 жылдарға күтулерінің жақсаруы аясында Brent
маркалы мұнай бағасының 50 АҚШ долларынан 60 АҚШ долларына дейін артуы бөлігінде экономика дамуының базалық сценарийін қайта қарады.

Ұлттық банктің жаңартылған болжамдарына сәйкес, базалық сценарий кезінде нақты ІЖӨ өсуі 2018 жылы 2,9 пайыз деңгейінде болады деп күтіледі. Инфляцияның айтарлықтай баяулауының және оның 2018 жылдың қорытындылары бойынша нысаналы 5-7 пайыз дәліздің төменгі шегінен шығуының жоғары ықтималдығы бар.

Дезинфляция Қазақстанның саудадағы негізгі әріптес елдердегі жылдық төмен
инфляцияға, азық-түліктің әлемдік нарықтарындағы бағаның тұрақты төмен
деңгейлеріне, халықтың нақты кірістерінің құлдырауымен, сол сияқты кәсіпорындар өндірісінің рентабельдігіне байланысты үй шаруашылығы мен фирмалардың әлсіз тұтынуы аясында ішкі шығарылымның теріс айырмасының сақталуына байланысты.