Ресейде тұңғыш рет мемлекеттік корпорация корпоративтік сайтын БАҚ ретінде тіркеді

276
Ресейде
Фото: mediasystemagency.com

Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz — Ресейлік «Ростех» мемлекеттік корпорациясы корпоративтік сайтын БАҚ ретінде тіркеп, оны ғылым мен жаңа технологияларға арналған медиа жобаға айналдыруға кірісті.

Мұндай жағдай ресейлік медиа тарихында бірінші рет болып тұр. Корпорация сайтта өз жаңалықтарымен қатар жергілікті және шетелдік ғылым мен өнеркәсіп туралы жаңалықтарды жариялап отырмақ. Жаңа контент көктемнің соңына қарай жариялана бастайды. Редакцияда жаңалық жазумен төрт адам айналысады. Ары қарай ресейлік, шетелдік серіктестерімен бірлесіп арнайы жобалар жасамақ. Корпорацияның хабарлауынша алдағы уақытта сайттың неміс, француз және араб тілдеріндегі нұсқасы іске қосылмақ және сайтқа жылына 6 млн адам кіреді деп болжап отыр.