Тұлға

Мәдина Серікқызы Жүнісбекова

Мәдина Жүнісбекова — Ұлттық экономика вице-министрі

Мәдина Жүнісбекова Алматы қаласында дүниеге келген. М. В. Ломоносов атындағы ММУ, Париж I Пантеон – Сорбонна университетін, Пантеон – Ассас университетін тәмамдаған. «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты.

Еңбек жолын 2010 жылы бастаған.

2010 – 2012 жылдары коммерциялық секторда жұмыс істеген.

2012 – 2014 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Хатшылығының инспекторы лауазымын атқарған.

2014 жылы — ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі.

2014 жылғы маусым айынан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі қызметін атқарған.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Tags

Осы айдарда

Close