«Самұрық-Қазына» портфельдік компанияларының басқарушы директорлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды

басқарушы
Фото: Түркістан

Алматы. 4 мамыр. 7kun.kz — «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов бірқатар кадрлық өзгерістер жасады, сондай-ақ Қордың портфельдік компанияларының басқарушы директорлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы компанияның басшы қызметкерлерімен кездесу барысында мәлім болды.

Ахметжан Есімов «Тау-Кен Самұрық» АҚ басқарма төрағасы Қанат Құдайбергеновты таныстырды. 2016 жылдан 2018 жылға дейін «Қаратау» ЖШС және «Казатомпром» ҰАК» АҚ бас директоры, сондай-ақ 2018 жылдың 23 сәуірінен бастап «Тау-Кен-Самрұқ» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған. Кездесу барысында Қанат Құдайбергеновке «Тау-Кен Самұрық» ұйымдық құрылымын жетілдіру тапсырылды. Еске сала кетейік, бұрынғы төрағасы Мәжит Тұрмағамбетовтың келісімшарты аяқталды.

Сонымен қатар, Ахметжан Есімов «Самұрық-Энерго» АҚ-ның экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Қайрат Мақсұтовты өзінің лауазымынан босатып, «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті жыл сайынғы бонустарынан айырып, оның жіберіп алған жұмыстары үшін сөгіс жариялады. Тәртіптік жауапкершілікке, сондай-ақ «KEGOC» АҚ-ның қаржы және бухгалтерлік есеп жөніндегі басқарушы директоры Айбек Ботабеков те тартылады.

Қор басқармасының төрағасы жолаушылар айналымы бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етуді, кіріс пен таза табысты IPO-ға кірудің таза пайдасын және портфельдік компаниялардағы трансформациялық бағдарламаны жүзеге асыру үшін жол карталарын бекітуді тапсырды.

Айта кетейік, кездесуде бірқатар компаниялардың қызметі, қаржылық жағдайыны және даму бағдарламаларының жүзеге асырылу барысы қаралды.