Қазақстан бойынша 31,9 млрд теңгеге дәрі-дәрмек жөнелтілді

дәрмек
Фото: hepatitisnewstoday.com

Алматы. 4 мамыр. 7kun.kz — Тегін амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған препараттарды жөнелту толық қарқынмен жүріп жатыр. Бүгінде Қазақстан бойынша 31,9 млрд теңгеге дәрі-дәрмек жөнелтілді. Мамыр айының өтінімдері бойынша дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды бірнеше өңірлерге жөнелту сәуір айының соңында басталып және қазіргі уақытта жалғасып жатыр.

Бүгінгі күні дәрі-дәрмектің көп бөлігі ШҚО-ға жөнелтілді. 2018 жылдың алғашқы төрт айында медициналық ұйымдар 4,3 млрд теңгеге дәрі-дәрмектер алды. Алматыға қаңтардан бастап сәуірге дейін шамамен 3,5 млрд теңгеге дәрі-дәрмектер түсті, ал Қарағанды облысына жөнелтілген дәрі-дәрмектер 3,4 млрд теңгеден асты.

Астана бойынша дәрі-дәрмектерді жөнелту 2,7 млрд теңгені құрап, сәуір айына медициналық ұйымдарға препараттарды жеткізу жоспары жоспарланған көлеммен салыстырғанда асып түсті.

Бірыңғай дистрибьютормен медұйымдарға жеткізілетін медициналық өнімдер көлемі ұйымдардың өздерінен түскен өтінімдерге дәлме-дәл сәйкестікте қалыптасады.

Айта кетерлігі, ағымдық сәттегі жағдай бойынша қазақстандықтарды амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 432 атауы сатып алынды. Тұтастай алғанда, Бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша амбулаториялық және стационарлық дәрілік қамтамасыз етуге арналған 1057 атау сатып алынған, ол жалпы қажеттіліктің 95%-ын құрайды.

Ақпарат көзі: Baq.kz