ЖаңалықтарМемлекетТаңдаулы1Таңдаулы2Экономика

Ұлттық қорға түсетін түсімдер 696 млрд теңгені құрады

Алматы. 14 мамыр. 7kun.kz – 2018 жылдың қаңтар-сәуір аралығында Ұлттық қорға түсетін түсімдер 696 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды LS.

2017 жылдың төрт айындағы көрсеткішпен салыстырғанда (597,4 млрд теңге) 16,5%-ға өсті.

Салықтың ең көп көлемі Атырау облысы (351,4 млрд теңге), Батыс Қазақстан облысы (118,5 млрд теңге) және Маңғыстау облысында (95,9 млрд теңге) байқалды.

Сондай-ақ, Қызылорда облысында 70,4 млрд теңге, Ақтөбе облысы 31,8 млрд теңге, Астана 21,8 млрд теңге, Оңтүстік Қазақстан облысы 2,6 млрд теңге салық жиналды.

Өз кезегінде Шығыс Қазақстан облысынан 1,1 млрд теңге, Алматы облысынан 80,8 млн теңге, Жамбыл облысынан 6,4 млн теңге, Солтүстік Қазақстан облысынан 2,2 млн теңге, Қарағанды ​​облысынан 1,4 млн теңге, Ақмола облысы бойынша 594 мың теңге, Павлодар облысынан 165 мың теңге салық жиналды.

Ал, Қостанай облысынан төлем түспеді.

Tags

Осы айдарда

Close