Илон Маск екі қозғалтқышты Model 3 электромобилі жайында айтып берді

Маск
Фото: Geektimes

Алматы. 21 мамыр. 7kun.kz — Tesla компаниясының басшысы Илон Маск өзінің Twitter-дегі парақшасында автокөліктің алдыңғы және артқы жағында екі қозғалтқышы бар Model 3 электромобильдің үлгісі туралы айтып берді, деп хабарлады vc.ru.

Бір қозғалтқыш жоғары жылдамдықпен қозғалуға, екіншісі үлкен жүгіріске арналған. Масктың айтуынша, егер қозғалтқыштардың бірі жол жүру барысында істен шықса, жүргізуші екінші қозғалтқыш арқылы жүруін жалғастыра береді.

Tesla компаниясы Model 3 үлгісінің екі нұсқасымен жұмыс істеп жатыр. Екі қозғалтқыштың бюджеті 49 000 доллардан басталатын базалық модельге қарағанда 5000 долларға артық болады.

Оның максималды жылдамдығы сағатына 225 километр, аккумулятордың бір заряды шамамен 500 километрге жетеді.

«Бұл электромобильдің бағасы BMW M3 сияқты, бірақ оған қарағанда 15% тез және жақсы басқарылады. Жолда өзінің классындағы кез келген автокөлікті соға алады», — деп жазды Илон Маск.

Оның айтуынша, Tesla екі қозғалтқышты Model 3 жеткізілімін 2018 жылдың шілдесінде бастауды жоспарлап отыр.

Institutional Shareholder Services кеңес беруші фирмасы акционерлерге компания басшысының және директорлар кеңесінің басшысы лауазымдарын бөлуге және екі лауазымды қатар иеленіп жүрген Маскты тек Tesla-ның бас директоры лауазымына қалдыруды ұсынады.