Қазақстан телефондарды 190 млн долларға сатып алды

долларға
Фото: kapital.kz

Алматы. 28 мамыр. 7kun.kz — 2018 жылдың қаңтар-наурыз аралығында Қазақстанға 189,9 млн долларға телефон және ұялы телефондар әкелінді, деп хабарлайды LS.

Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,6%-ға өсті.

Жеткізілімдердің ең көп көлемі Қытайдан жасалды. Осылайша, аспан асты елі бір айда Қазақстанға смартфондарды 117,2 млн долларға сатты. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 15,7%-ға жоғары.

Сондай-ақ, Вьетнамнан смартфондар 46,6 млн долларға импортталды (1%-ға көп).

Өз кезегінде, Ресей телефондарды 9,3 млн долларға, АҚШ 2,5 млн долларға, Австрия, Эстония және Малайзия 1,5 млн долларға жеткізді.