AsiaCredit Bank рейтингтері B-/B деңгейінде расталды

деңгейінде
Фото: Kursiv.kz

Алматы. 6 маусым. 7kun.kz — S & P Global Ratings рейтингтік агенттігі AsiaCredit Bank-тың ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредит рейтингін «B-/B» деңгейінде растады.

Сонымен қатар, банктің рейтингтері бойынша болжам «тұрақтыдан» «жағымсыз» деңгейге дейін қайта қаралды.

Агенттікте былай деп түсіндірді:

«Болжамды қайта қарау нарық жағдайының тұрақтылығы туралы алаңдаушылыққа байланысты. Біздің ойымызша, нарық қатысушыларының Қазақстандағы шағын және орта банктерге деген сенімі 2018 жылдың сәуірінде, президенттің шағын үш қаржылық ұйымдардың қаржы жағдайына қатысты алаңдаушылық білдіргеннен кейін, төмендеді».

Агенттік, сондай-ақ, егер нарықтың позициясы тұрақтандырылса және банк ағымдағы экономикалық ортада бұрын бекітілген даму стратегиясының нәтижелерін алса, банк рейтингі бойынша болжамды «тұрақты» деңгейіне дейін қайта қарауға дайын екендігін мәлімдеді.

Банк, сондай-ақ жаңадан әзірленген қалыпты тұрақты даму стратегиясы өнімділіктің көрсеткіштерін ай сайын жақсартуға мүмкіндік беретінін растайды. Осылайша:

Қаңтар-мамырда банктің меншікті капиталы 3%-ға өсті;

Ағымдағы өтімділік коэффициенті ең төменгі талап етілетін құннан 2 еседен асып, мамыр айының басында 0,852 болды (ең төменгі мәні 0,3);

S & P агенттігінің соңғы расталған рейтингісінің күнінен бастап, (2018 жылғы ақпан) капитал жеткіліктілігінің коэффициенттері жақсарып, мамырдың басында k1 = 17,4% құрады; k1-2 = 17,4%; k2 = 16,7%;

Банктің балансында маусым айының басында жоғары өтімді активтердің үлесі 21%-ды құрады.