Egov порталы арқылы бизнесті тіркеу жарты сағатта орындалады – ҚР АКМ

64
бизнесті
Фото: Yvision.kz

Алматы. 13 маусым. 7kun.kz – Онлайн-режимде бизнесті тіркеу қызметтері жыл басынан бері электрондық үкімет веб-сайтына біріктірілген. Жаңа, жеңілдетілген функцияның артықшылығы ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінде айтылды, деп хабарлайды BNews.kz.

Жаңа, жеңілдетілген функция осы жылдың басынан бастап қолжетімді. Қазір үш тәуелсіз қызмет біріктіріліп, бизнесмендер өздерінің қалаларында әр түрлі нүктелерде қажетті құжаттарды дайындау үшін уақыт қажет етпейді.

Қазіргі сәтте, онлайн-режимде кәсіпорынды тіркеу кезінде ForteBank, Цеснабанк, Халық банкі және Альфа-банк сияқты банктерде банктік шотты бір мезгілде ашуға болады. «Мемлекеттік аннуитеттік компания» және «Asia-life.kz» бірге электронды тіркеу арқылы сақтандыру шартын жасауға болады.

Жақын арада тағы тоғыз банк пен төрт сақтандыру компаниясы қосылатын болады.

«Бизнеске онлайн тіркелу мүмкіндігі өте ыңғайлы. Тіркеу үшін бір ай қажет болса, қазір ол жарты сағаттың ішінде Egov порталында жасалынады. Сонымен қатар, әртүрлі құжаттарды жинап, мемлекеттік билік органдарына барып жүрмейсіз. Сайтта өтініш білдірген сәтте кәсіпкердің жылжымайтын мүлікке қолжетімділігі бірден тексеріледі», – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Электронды қызмет барлық қазақстандықтар үшін қол жетімді, Ол туралы толығырақ 24 сағаттық Call-орталығының мамандарынан 1414 немесе 8-800-080-7777 телефондары арқылы біле аласыз.