АҚШ Еуропаға жаңа қару-жарақтарын орналастырмақшы

АҚШ-тың әскери-қорғаныс күштерінің министрі Дебора Ли Джеймс Еуропада бесінші буындағы F-22 Raptor атқыштар эскадрильясын орналастыруы мүмкін екендігін мәлімдеді деп жазады ВВС орыс қызметі.

БАҚ-тың хабарлауынша, Джеймс француздық Ле-Бурже қаласындағы әуесалоны кезінде осындай мәлімдеме жасаған. Еуропаға ультра жаңа заманғы атқыштардың орналасуын Ресейге өз қуаттарын көрсетуге тырысатындықтарымен түсіндірді. Министрдің сөзінше, Ресейді АҚШ-тың негізгі әскери қаупі деп айтуға болады.

«Мен үшін Ресей және оның әрекеттері қауіптірек көрінеді. Бұл менің Еуропаға не үшін келгендігімнің ең маңызды бөлігі», — деп атап өтті ол Джеймс. Сондай-ақ, ол НАТО бойынша одақтастарын қорғанысқа бөлінген шығындарды келісілген деңгейде қалдыруға шақырды. Көптеген еуропалық елдер соңғы жылдары оны белсенді түрде қысқартқан еді. Қаржылық дағдарыстан кейін бұл үрдіс Ұлыбританияға да әсер етті. Осыған дейін АҚШ Еуропаға бірнеше А-10 соғыс ұшақтары мен F-15 атқыштарын орнатқан.

Ресейлік сыртқы істер министрлігі БАҚ-та жазылған Вашингтонның жоспарына тез арада жауап қайтарды.

«Мұндай ақпараттың пайда болуы АҚШ-тың одақтастарымен бірлесе отырып 1997 жылы Ресей мен НАТО арасындағы Негізгі актінің маңызды бөлімдерін бұзуға тырысып жатқандарын көрсетеді. Аталған құжат бойынша, альянстың аталған елдердің аумағында әскери күштерін орналастырмау туралы міндеттемесі бар. Техниканың болуы тұрақты әскердің болуы дегенді білдіреді», — деп атап өтілген ресейлік СІМ мәлімдемесінде.