АҚШ конгрессмендері Трамптан Ресейге қарсы санкцияларды әлсіретпеуді сұрады

Алматы. 9 қараша. 7kun.kz — Сенаттың жиырмадан астам мүшесі АҚШ Президенті Дональд Трамптан Қырымның аннексиялануы мен Украинадағы әрекетіне байланысты Ресейге қарсы енгізілген санкцияларды әлсіретпеуін сұрады. Үндеуге 27 демократ және республикашыл саясаткер қол қойды.

Бұған қоса олар Трамптан Киевке әскери қару-жарақ жеткізуге рұқсат беруін өтінді. Президент Барак Обама әкімшілігі мұндай экспортқа рұқсат бермей қойған еді.

Осы үндеуін жолдардан бірнеше сағат бұрын конгресс қорғаныс саласына қатысты ауқымды заң жобасын қабылдады. Құжат Киевке миллион доллар көлемінде әскери көмек беруді қарастырады.

20 қаңтарда президент қызметіне кірісетін Трамп Мәскеуге қатысты ымырашыл саясат ұстанғысы келетінін айтқан еді, бұған қоса ол НАТО-ның қажеттілігіне күмән келтірді.

2014 жылы наурызда Ресей Қырымды аннексиялап алды, кейін Украинаның шығысындағы жікшілдерге қолдау көрсетті. БҰҰ мәліметі бойынша, 2014 жылы сәуірде жанжал басталғалы бері кем дегенде 9 700 адам қаза тапты.