АҚШ корпорацияларының пайдасы 125 миллиард долларға төмендеді

2015 жылдың алғашқы үш айының ішінде Америка корпорацияларының пайдасы соңғы 7 жылдағы ең күшті құлдырауды көрсетті.

2015 жылдың І тоқсанында АҚШ-та салық төленгенге дейінгі корпоративтік табыстардың көрсеткіші 5,9%-ға төмендеді. Бұл туралы АҚШ Сауда министрлігі агенттігінің Экономикалық сараптама бюросы хабарлайды.

2014 жылдың IV тоқсанында көрсеткіштің төмендеуі байқалған: пайда 1,4%-ға, немесе 30,4 млрд долларға азайған. Бұл ретте 2014 жылдың қорытындысы бойынша да АҚШ-тағы корпортативтік пайда қысқарған.

Америка корпорациялары пайдасының қатарынан екі тоқсан бойына төмендеуі соңғы рет 2007-2009 жж кезеңіндегі қаржы дағдарысы мен рецессия уақытында болған.

Бұл ретте 2015 жылдың І тоқсанында АҚШ-тағы корпоративтік пайданың құлдырауы 2008 жылдан бергі ең жоғары деңгей көрсетті: көрсеткіш бірден 125,5 млрд долларға төмендеп кеткен.