АҚШ-та биткойн саудасына арналған алғашқы лицензияланған биржа ашылады

607
АҚШ-та биткойн саудасына арналған алғашқы лицензияланған

АҚШ-та биткойн саудасына арналған алғашқы лицензияланған биржа ашылады деп жазады The Wall Street Journal.

Бұл биржаның құру үшін  Нью-Йорк қор биржасынан(NYSE), сондай-ақ банктер мен венчурлік фирмалардан 106 млн доллар алған стартап Coinbase Inc. жұмыс істеді. Оператордың айтуынша, бұл биржа жеке және институционалдық инвесторларға жоғары қауіпсіздік аясында криптовалютамен сауда жасауға және оның бағасын қадағалап отыруға мүмкіндік береді.

Coinbase ақпараты бойынша, жаңа биржада трейдерлердің ақшасы жоғалмайтынына кепілдік бере алатын сақтандыру құжаты бар.

Жаңа биржа биткойнға қажетті легитимділікті алуға мүмкіндік береді. Бұрынырақ, криптовалюта саудасы АҚШ-тан тыс жерде тек «виртуальді биржаларда» ғана жүргізілген.

Coinbase хабарлағандай, оларға АҚШ реттегіш органдарының тарапынан лицензия алу үшін 5 ай ғана уақыт керек болған. Қазір биржаның Нью-Йорк және Калифорнины қосқанда штаттардың жартысынан алған рұқсаттамасы бар, енді олар осы штат клиенттерінің есептерімен жұмыс істейді.

Биткоинды 2008 жылы Сатоши Накомото ойлап тапты. Биткоин (Bitcoin, BTC) — орталықсыздандырылған виртуальды валюта. Транзакциясы шифрленетін және қолдану аясы анонимді түрде болғандықтан биткоинды «криптовалюта» деп те атайды. Биткоин төлемдерінің желісі толықтай дерлік орталықсыздандырылғандықтан қадағалаушысы болмайды. Жүйенің қызметі мен қорғанысын қамтамасыз ету үшін криптографиялық әдістер қолданылады.

Биткоин — виртуальды криптовалюта. Биткоинды төлем құралы ретінде пайдалану арқылы тауар сатып алуға, телефон байланысы, не хостинг ақысын төлеуге және тағы басқа төлемдер жасауға болады. Open source негізіндегі ашық код түрінде болғанымен анонимді, әрі сенімді төлем жүйесі ретінде танымал. Биткоин — орталықсыздандырылған тармақты жүйе. Демек, желіде бірыңғай басқарушы орталығы жоқ. Баланс туралы ақпарат пен транзакцияларды сақтайтын біртұтас база болмайды. Әр мәлімет биткоин иелерінің компьютерінде сақталады.