Ақтөбе облысы‎ЖаңалықтарТаңдаулы1

Ақтөбеде жаңа өндіріс орны іске қосылды

Алматы. 7 шілде. 7kun.kz – Астана күні Ақтөбеде бірнеше өндіріс орны ашылды. Олардың ішінде полиэтилен пакетін шығаратын өндіріс орнында 60 жұмыс орны бар, деп хабарлайды inform.kz.

Ақтөбе қаласындағы индустриялды аймақта полиэтилен пакет шығаратын өндіріс орны іске қосылды. Өндіріс орнындағы газ, су, жол мен жарығы бар аумақтан 1 гектар жер берілген. Мұнда екі түрлі қаптамадағы пакет шығарылады. Шикізаттар Қазақстан, Өзбекстан Корея, Ираннан алынды. Мұнда жылына 1 200 тонна өнім шығаруға болады. Зауыт құрылысы мен жаңа аппараттарды сатып алуға 500 миллион теңге жұмсалды.

«Ақтөбе индустриялды аймағында өзге де өндіріс орнының құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Барлығы 15 өндіріс орны аумақтың 60 пайыздық жерін қамтиды. Қазір 4 өндіріс орны жұмыс істеп тұр. Биыл тағы 7 зауыт, шағын цех іске қосылады. Барлығы 1 600 адам жұмыспен қамтылады. Мұнда жиһаз шығару, көлік-логистика орталығы мен қыш бұйымдарын шығаратын зауыт бар. Қазақстанда алғаш рет ауа баптайтын газ баллондар да шығарылады. Қазақстан мен Түркия, Болгария инвесторлары осы жерге шоғырланған»,- деді «Ақтөбе» ӘКК» ҰК» АҚ-ның инвестиция тарту басқармасының жетекшісі Ануар Асылов.

Фото: inform.kz
Tags

Осы айдарда

Close