Ақтау битум зауыты кемеге жанармай өндіре бастайды

битум
Фото: massaget.kz

Алматы. 12 шілде. 7kun.kz — Ақтау қаласындағы «Caspi Bitum» ЖШС 2018 жылдан бастап теңіз кемелері үшін жанармай дайындау технологиясын игереді. Бұл туралы кәсіпорын директорының бірінші орынбасары Сәкен Өтелбаев хабарлады.

Зауыттың жобалық қуаты – жылына 1 млн тонна  шикі мұнай өңдейді. Зауыт битумның екі түрін: созылмалы мұнай битумы және жолға арнайы түрлендірілген мұнай битумын шығарады.

«Егер тапсырыс түсіп жатса, келер жылдан бастап модификацияланған және тотықтырылған жол битумын алу үшін мұнай өңдеуге дайынбыз. Сонымен қатар мастика мен эмульсия да шығаруды көздеп отырмыз. Ал солярканы қазір-ақ шығаруға кірісе аламыз», — деді Сәкен Өтелбаев.

Айта кетейік, зауыттың өнімі техникалық сипаты жағынан кез келген жол-климаттық аймақтарға сәйкес келе берді. Ақтау битум зауыты «ҚазМұнайГаз-өңдеу және маркетинг» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны) және «CITIC Kazakhstan» ЖШС бірлескен кәсіпорны болып табылады.

Еске салсақ, 2016 жылы зауыт 623,5 мың тонна мұнай өңдеп, 110,9 мың тонна жол битумын өндірген болатын.

Дереккөз: abctv.kz