Ақышев: Жас мамандардың ұлттық банкте жұмыс істеуіне мүмкіндік бар

Ақышев

Алматы. 12 сәуір. 7kun.kz — Д.Ақышев ұлттық банктің жас мамандармен және студенттермен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Бұл туралы Данияр Ақышев жас мамандармен өткен онлайн-конференцияда мәлімдеді.

«Бұл кездесуге онлайн-конференцияның ең қызықты сұрақ конкурсының жеңімпазы – еліміздің ЖОО бірінің студенті Дильнара Токушеваны және Ұлттық Банкте бір күнін өткізуге өтініш білдірген, болашақ журналист Наталья Новоселованы да шақырдық»,  — деді ол.

Д.Ақышев Ұлттық банк басшысы онлайн-конференция барысында ЖОО студенттерінің белсенділігін атап өтті.

Жаңа қызметкерлерді іздестіру бойынша келесі науқан өткізу сәуір айында жоспарланғанын еске түсіреміз, оның басталғаны туралы ақпарат Ұлттық Банктің сайтында, сондай-ақ ҚРҰБ-ның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жарияланады.

Еске салсақ, бұған дейін, перспективалы мамандарды іздестіру мақсатында науқан өткен болатын. Оған 960 адам түйіндеме жіберіп, оның 27 жұмысқа қабылданды.